Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өз отбасы бола тұра көңілдесімен концерт көруге барған директор қызметінен қуылды

11:27, 20 шілде 2025 926

АҚШ-тың ІТ саласындағы жетекші компанияларының бірі – Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байрон қызметінен кетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұған себеп – оның әріптесімен бірге Coldplay тобының концерті кезінде “махаббат камерасына” түсіп қалуы.

Әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен видео қоғамның қызу талқысына түсті. Ал компания бұл жағдайға бей-жай қарамай, шешуші қадамға барды.

19 шілдеде компанияның директорлар кеңесі Байронның отставкасын қабылдап, жаңа CEO іздеу процесін бастағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бас директордың міндетін атқарушы ретінде компанияның тең құрылтайшысы әрі өнім жөніндегі директоры Пит Деджой тағайындалды.

Компания LinkedIn парақшасында жариялаған ресми мәлімдемесінде:

«Astronomer компаниясы құрылған күннен бастап бізге тән мәдениет пен құндылықтарды берік ұстанып келеміз. Біздің жетекшілеріміз тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, жеке мінез-құлқымен де үлгі болуы тиіс. Өкінішке қарай, соңғы уақытта бұл талаптар сақталмады», – делінген.

Оқиға Массачусетс штатындағы Фоксборо қаласында өткен Coldplay тобының концертінде болған.

Видео кадрларынан Энди Байрон мен Astronomer кадрлар жөніндегі директоры Кристин Кэбот сахнаға қарап құшақтасып тұрғаны байқалады.

 Сол сәтте жұп “махаббат камерасының” объективіне түсіп, үлкен экранға шыққан. Мұны байқап қалған олар бірден бір-бірінен алыстап, әйел адам бетін қолымен жауып, ер адам еңкейіп кетеді.

Кейін бұл сәтке концерт жүргізушісі әрі Coldplay тобының фронтмені Крис Мартин де назар аударып: «Олар не ғашықтар, не өте ұяң жандар», – деп әзілдеген болатын.

Энди Байрон – отбасылы азамат. Оның жары – оқытушы Меган Керриган Байрон, екеуінің екі баласы бар. Кристин Кэбот компанияға 2024 жылы қосылған. Қос тарап та оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Директорлар кеңесі бұл жағдайға байланысты ішкі тексеріс бастап кеткен. Тергеу басталғаннан кейін бірнеше күн ішінде Энди Байрон отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады. Ол Astronomer компаниясын 2023 жылдан бері басқарып келген.

Кейде бір сәттік эмоция бүкіл мансапқа әсер етуі мүмкін. Қоғам алдындағы жауапкершілік әсіресе басшылық қызметтегі тұлғалар үшін өлшеусіз маңызды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар